Меню KDT

Новости

Главная Новости

📌Ата-аналар жиналысы – ашық диалог алаңы

📌Ата-аналар жиналысы – ашық диалог алаңы
⚜️«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстар аясында «Ата-аналармен диалог» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Іс-шараны Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы облыстық білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.
⚜️Жиынға қала әкімі, мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың өкілдері қатысты.
⚜️Кездесудің негізгі тақырыбы – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу, деструктивті мінез-құлықтың жолын кесу, сондай-ақ отбасы, мектеп және мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты нығайту мәселелері болды.
⚜️Баланың жауапты мінез-құлқын, құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы ата-ананың рөліне ерекше назар аударылды. Қатысушылар жасөспірімдер арасындағы мәселелерді дер кезінде анықтау, олармен сенімді қарым-қатынас орнату және психологиялық қолдау көрсетудің маңыздылығын талқылады.
⚜️Іс-шара барысында қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқан әйелдердің қатысуымен онлайн-трансляция ұйымдастырылды. Ашық әңгіме барысында ата-аналар нақты өмірлік оқиғаларды тыңдап, қылмыс жасаудың салдарын тереңірек түсінуге, еркіндіктің қадірін, өз таңдауы үшін жауапкершілікті және жасаған әрекеттің адамның тағдыры мен жақындарына тигізетін әсерін бағалауға мүмкіндік алды.
⚜️Баланың қауіпсіздігі – ересектердің назары, сенімі мен жауапкершілігінен басталады. Отбасы, мектеп және мемлекеттік органдар күш-жігерін біріктіргенде ғана балалар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыра аламыз.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено