Ағымдағы жылдың 24 ақпанында мектептегі өзін-өзі басқаруды дамыту және балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау мақсатында ауқымды облыстық форум ұйымдастырылды. Форумның облыстық кезеңіне 100 оқушы қатысты. Әр команда құрамында 5 белсенді көшбасшы: 👑 мектеп парламентінің президенттері 🗣 пікірсайысшылар 🌍 «Жер елшілері» – экология министрлері 🚨 ТЖ министрлері 📰 мектеп баспасөз қызметінің мүшелері қатысты. Форум аясында «Заң және тәртіп » тұжырымдамасымен таныстырылды, тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылып, жас көшбасшылар өз жобаларын қорғады.
✨ Белсенді оқушы – табысты болашақ кепілі! ✨ Өзін-өзі басқару – жауапкершілік мектебі!