мақсаты:
Оқушыларға Абай Құнанбаевтың қарасөздерінің идеялық мәнін, ақынның ұлы мұратын, гуманистік, ағартушылық, демократтық көзқарасын білдіру.
Қарасөздердің танымдық сипатын, тақырыптарын түсініп оқуларын, қарасөздерінің өлеңдеріндегі айтқан ойлары мен үндестігіне талдау жасатып, оқып-түйгендерінен ой қорытындысын айтып, шығармашылық жұмыстар істеуге жаттықтыру.
Оқушыларға қарасөздердегі адамдық қасиет, еңбекті сүю, өнерге икемдік, жақсылық-жамандықты ажырата білуге, мақал-мәтелге айналған сөздерінен тәлім алуға тәрбиелеу.


