12 декабря прошло мероприятие в честь празднования Дня Независимости
Бүгін біздің Красноярка негізгі мектебімізде тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына орай «Мен өз Отанымды сүйемін » атта концертіміз өтті. Концертімізде оқушылар қазақша ән айтып, би –биледі, қазақша тақпақтар сонымен қатар, орысша да әндер айтты. Концертке ата-аналар мен ауыл адамдары қатысып тыңдап көңілдерін көтеріп рахметтерін айтты. Оқушылар барынша өнер көрсетіп, ұстаздары мен ата-аналарына өздерінің дарындарын танытқызып мақтаныш сезімдерін көрсеткендей болды.
Осылайша Қазақстанның тәуелсіздік күніне қазақтың, даналық сөздерін, мақалдарын, салт-дәстүрлерін көрсетуге тырысты. Абайдың өлеңдерін оқып, әндерін айтты. Тарих пәнінің мұғалімі «Желтоқсан желі, ызғарлы» атты әнді домбырамен орындады.
Төмендегі мына суреттер біздің концертімізден алынған үзінділері.