«Менің мамандығым - менің болашағым!» дөңгелек үстел
Оқушыларды болашақта өз маманының иесі болуға тәрбиелеу бағытында «Менің мамандығым - менің болашағым!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мектеп психологы Момугова Б.М. мен 9 сынып жетекшісі Ашимова А.Т. мектеп бітірген түлектермен кездесу ұйымдастырып, қызықтырды. Кездесудің мақсаты: мамандықтарды талдай және таңдай білуге, өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету болды. Түлектеріміз оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесіп, білімдерін кеңейту өмір туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болып, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылады.