Меню KDT

Новости

Главная Новости

Тәуелсіздік Күні

2019 жылдың 13 желтоқсаныңда мектебімізде  Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына арналған  ауқымды мерекелік іс-шаралар өткізілді.
   Мектебіміздің  іс-шаралар жоспарына сәйкес  «16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне» орай, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «ЖасҰлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті. «Жас Қыран» бірыңғай   балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелігіне қабылданатын салтанатты шараға мектебіміздің  4- сынып оқушылары  қабылданды . Шара барысында жас ұлан мен жас қырандықтар салтанатты түрде ант қабылдап "Жас Ұлан" галстугі мен төсбелгісін таққан болатын.
     Мәжіліс залында «Тәуелсіздік – елдік пен ерліктің  іргетасы» атты мерекелік шара өтті.Салтанатты іс-шарада оқушылар  тәуелсіздік жылдарында жазылған жалынды жырлардан үзінді оқып, би билеп  патриоттық әндер орындады.
      1-11 сыныптар арасында жоспарға сәйкес «Тәуелсіздік – ел тірегі» атты сынып сағаттары, викториналар ,мәнерлеп оқу сайыстары өткізілді.








Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено