Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Мен және менің Қазақстаным»


Мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған мектепшілік
«Мен және менің Қазақстаным»

байқауы 12желтоқсанда №22 мектеп-гимназиясында жоспар бойынша өткізілді.
   Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 28 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырылып отырған байқаудың мақсаты- ұрпақ санасына ұлтжандылық рухын сіңіріп, таным көкжиегін байыту. Еліне, жеріне деген махаббатын сахна төрінде өнері арқылы насихаттап, өз қатарластарына үлгі бола отырып, тұлғалық дамуына үлес қосу.

  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

1   Өнерге бет бұрған өрендердің  талабын шыңдау.

       *Балалар бойындағы эстетикалық тәрбиені жетілдіріп,  олардың орындау шеберлігін арттыру;

        *Талантты балаларды іріктей отырып, қалалық байқауларға   қатыстыру;

2   Балалар өнерін  насихаттап, өзге де өрендерді өнерге талаптандыру;                                 

  1. Қатысушылар:

—Орта топ— 10 жастан  13 жасқа дейін

—Жоғарғы топ—14 жастан 17 жасқа дейін. 

  1. Қойылған талаптар:

 -  Әр үміткер  байқауға тәуелсіздікке арналған өз өлеңдерін мәнерлеп айту

- Патриотық тақырыптағы бір шығармамен(өлеңмен) қатысады. 

Іс-шараға қатысқан оқушылар үлкен дайындықпен дайындалып келгені, әрине сөзсіз қуанарлық жағдай. Әсіресе атап кететін болсақ 7 «Б» сынып оқушысы Гончарова Арина,

 9 «З» сынып оқушылары Гулиев Салех пен Гулиев Талех,

 9 «Б» сынып оқушысы Гительман Тимур, 5 «К» Жакина Диляра, 5 «Е» Наманбек А,

6 «Е» Астемиров Адам, 6 «А» Камалдинова А жаттаған өлеңдерін нақышына келтіріп  пайымдап, мәнерлеп оқыды.

Тәуелсіздікке арналған өз өлеңдерін Наманбек А, Цой Анатолий, Дангилова Камилла әдемі орындап, көрермендерді тәнтті етті.

Байқау соңында әділ-қазылар арқасы ерекше көзге түскен, үздік деп танылған  оқушыларды мақтау қағазымен марапаттады. Іс-шара соңында мектебіміздің тәрбие бөлімінің меңгерушісі Нургалиева А.К сөз алды:

     Қазақстан Респуликасының Тәуелсіздік күніне орай шын жүректен шыққан ыстық ықыласымды қабыл алыңыздар.

   Бұл күн- ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілеймін.

Іс-шараның екінші бөлімі мектебіміздің  бірінші қабатында оқушылардың шығармашылық көрме жұмыстарымен, қабырға газеттерімен  жалғасын тапты.

Байқаудан көрініс:

    




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено