Оқушыларға қазіргі экологиялық мәселелер бойынша видеороликтер көрсетіліп, ақпарат берілді. Оқушылар күнделікті өмірде қоқысты қалай сұрыптайтындары туралы пікір алмасты. Оқушылар үлкен қызығушылықпен белсенді қатысып, креативті идеяларын көрсете білді.
10-сыныптың 30оқушысы Нұр-Сұлтан қаласының «Қоқыс өңдейтін зауытына» барып, қоқыстың сұрыпталу жолдарын көріп келді. Оқушылар экскурсия барысында көптеген сұрақтарға жауап алып, қоқысты жеке жинау қаншалықты маңызды екенін түсіне алды.