Меню KDT

Новости

Главная Новости

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты онкүндігі өтті

2019 жылдың 14-24 қазан аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты онкүндігі өтті. Онкүндікте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері пән бойынша тәжірибе алмасу сабақтарын және сыныптан тыс іс-шараларын өткізді.

Аталған уақыт аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі бойынша жоспарланған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстардың барлығы жоғары деңгейде өтті. Онкүндіктің бірінші күні бірлестік жетекшісі мен бірлестік мүшелері және мектеп оқушыларының қатысуымен онкүндіктің салтанатты ашылуы болды. Өткізілген сабақтар барысында оқушылардың мемлекеттік тілде сөйлеу дағдыларының өте жақсы қалыптасқаны байқалды. Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі және т.б әртүрлі тақырыптарда өз ойларын еркін білідіре алды. Оқушылар өте белсенді қатысты. Бірлестік мұғалімдерінің онкүндік аясында өткізген сабақтары өте тартымды әрі қызықты өтті.

Онкүндік аясында өткізілген шаралар және :

1 «Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты онкүндіктің салтанатты ашылуы (сап түзеу)

2 «Мемлекеттік тіл – менің тілім» (І қабатты безендіру)

3 Ақын, мемлекеттік қайраткер С.Сейфуллиннің туғанына 125 жыл (мәнерлеп оқу сайысы)

4 «Сүйікті жазушым» (кітапханаға саяхат)

5 «Азға қанағат ет» (ойые сабақ)

6 «Ауызсу қоры не себепті азаятынын білесің бе? біріккен сабақ (қаз.т.мен биология)

7 «Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі мен маңызы» (дөңгелек үстел)

8 «Анам тосап қайнатады» (ашық сабақ)

9 «Абай дана, Абай дара қазақта» (конференция сабақ)

10 «Қазақ тілін оқытудың тиімділігі» (шебер–сынып)

11 Дулат Исабеков «Әпке» драмасы (театрландырылған сабақ)

12 «Ертегілер әлемінде» (сахналық көрініс)

          
         



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено