Меню KDT

Новости

Главная Новости

Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 95 жылдығына арналған «Қан мен тер» - халық тағдыры» атты дөңгелек үстел

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі М.Қ.Құлмақанованың жетекшілігімен  «Дарын» мектеп-лицейі» КММ-де Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 95 жылдығына арналған «Қан мен тер» - халық тағдыры» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге 9 «А» сынып оқушылары, лицейіміздің мұғалімдері, оқу жұмысы бойынша директордың орынбасары С.С.Жетмекова, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ә.М.Рамазанова қатысты. Дөңгелек үстел өткізудің басты мақсаты:

- Ә.Нұрпейісовтің өмірімен, шығармашылығымен таныстыру;

- «Қан мен тер» трилогиясының негізгі идеясы мен кейіпкерлерінің тартысын түсіндіру;

- кейіпкерлердің болмыс-бітімі мен көздеген мақсаты жолындағы ұмтылу әрекеттерін үлгі ету, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке баулу.

Дөңгелек үстел барысында 9 «А» сынып оқушылары «Қан мен тер» қандай шығарма, қандай оқиғалармен байланысты, неліктен шығарма «Қан мен тер» деп аталды? Осы сұрақтар бойынша өз ойларын, пікірлерін айтып, дөңгелек үстелге белсене ат салысты.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено