6 января согласно утвержденного графика в КГУ «Чистопольская средняя школа» прошли общественные слушания с приглашением родительской общественности.

2019 жылдың 26 желтоқсан күні Новоишим ауылдық округі әкімінің Жаңа жылдық шыршасына Новоишим қазақ орта мектебінің көп балалы және аз қамтылған отбасыларының балалары қатысты. Новоишим ауылдық округінің әкімі Ә.М.Букпин оқушыларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебіз тілегін білдірді.

2019 жылдың 23 желтоқсан күні ауданымыздың мәдениет үйінде Аудан әкімінің және Мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа жылдық шырша мерекесі ұйымдастырылды.Сол шыршаға мектебіміздің оқушылары қатысты. Атап айтар болсақ Мұса Сұңғат, Ильин Саид, Айтбай Тілеген, Сұлтан Дина, Жаңажол Нұрай және Сулейменова Сара. Оқушылар шыршаны тамашалап, сыйлықтарға ие болды.

Новоишим қазақ орта мектебінде 05.11-05.12.2019 ж аралығында "ЖҚТБ салдарынан өлім де жоқ. Кемсітушілік жоқ" ұранымен ЖҚТБ күрес жөніндегі дүниежүзілік кампания аясында мектепішілік іс-шара жоспарлары бекітіліп, барлық іс-шаралардың орындалуы туралы бұйрық құрылды. "Мақсатты бағыттау нөл. Жаңа АИТВ жұқпасы нөл.Кемсіту нөл. ЖИТС салдарынан өлім нөл"кампания ұранына сай плакаттар бірінші қабаттағы дәлізге безендірілді. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Көкқыз Қайраттың ұйымдастырылуымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 7-11 сынып аралығында спорттық сайысы баскетбол өткізді. Зиянды заттардың адам ағзасына тигізер зияны 6-8 сынып аралығында бейнеролик көрсетілді.

24 қарашада Новоишим қазақ орта мектебінің оқушылары "Волшебная кулиса" театр ұжымдарының облыстық фестиваліне белсене қатысып "Воплощение истрического события" номинацияға ие болған.

29.11.2019ж. Новоишим қазақ орта мектебінің ұлағатты ұстаз Дуйсенбин Ерболат Байтасұлы 11ші сыныптармен «ЕЛІ СҮЙГЕН, ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ» тақырыбында Тұңғыш Президент күніне арналған ашық тәрбие сағаты өтті. Елбасының жүріп өткен жолдары мен еңбектері баяндалды.

Еліміздің тұтқасын ұстап, туын көтерген тұғырлы басшы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының ерең ерлігін паш етуге арналған Новоишим қазақ орта мектебінде бірыңғай тәрбие сағаты өтті. Сабақта Елбасының өмірбаяны мен көшбасшылық қызметі, халыққа арнаған жолдаулары, жас мемлекеттің жаңа астанасын тұрғызуы, ел аумағының шекарасын белгілеу бағытында әңгіме өрбіді.