Меню KDT

Новости

Главная Новости

13.06.2026

Акция «12 дней против эксплуатации детского труда»

В рамках акции «12 дней против эксплуатации детского труда» проведена информационно-просветительская акция «Телефон доверия — помощь рядом». Учащимся и родителям напомнили о работе телефона доверия и служб психологической поддержки, куда можно обратиться за помощью и консультацией в трудной жизненной ситуации. Важно помнить: своевременная поддержка всегда рядом, а обращение за помощью — это проявление заботы о себе и своих близких.

12.06.2026

«Көңілді жаз – 2026» жазғы лагерінің жабылу салтанаты

Құрметті балалар, ата-аналар және ұстаздар!

Бүгін біз «Көңілді жаз – 2026» жазғы лагерінің жабылу рәсімінде бас қосып отырмыз. Осы қысқа уақыт ішінде балаларымыз қызықты ойындарға қатысып, жаңа достар тауып, шығармашылық пен спортта өз қабілеттерін көрсетті. Жазғы лагерьдің басты мақсаты – балалардың демалысын көңілді, пайдалы және қауіпсіз ұйымдастыру болды.

Балаларға жарқын эмоциялар, көтеріңкі көңіл-күй және ұмытылмас естеліктер сыйлаған лагерь күндері әрқайсымыздың жүрегімізде сақталады. Баршаңызға белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамыз!

- Әр күніңіз қуанышқа толы болсын!

- Жазғы демалыстарыңыз қызықты өтсін!

- Жаңа оқу жылында биік белестерді бағындырыңыздар!

«Көңілді жаз – 2026» лагері жабық деп жарияланады!

Келесі кездескенше, достар!

Ұйымдастырушылар: Тәрбиешілер

12.06.2026

«Мұзбалақ» ойын-сауық орталығында көңілді күн

Айгөлек тобы

«Мұзбалақ» ойын-сауық орталығында көңілді күн

Бүгін лагерь тәрбиеленушілері «Мұзбалақ» ойын-сауық орталығына саяхат жасап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған қызықты демалыс өткізді. Балалар түрлі аттракциондарда ойнап, батутта секіріп, лабиринттен өтіп, достарымен бірге көңілді уақыт өткізді. Әр баланың жүзінен қуаныш пен шаттық байқалды. Бұл саяхат балаларға жақсы әсер сыйлап, жазғы демалыстың есте қаларлық күндерінің біріне айналды.

Жетекшілер:Ақберген А

Боскумбай Д